АЗТМ ұжымынан директорлар кеңесін төрағасы Садықов Пірімжан Сайыпұлының, Бас директор Дүйсенов Есет Назарбайұлының қолдауымен Құлсары қаласының тұрғындарына көмек!
Еліміздің өңірлерін бұрын-соңды болмаған су тасқыны түріндегі апат туралы алғашқы хабарламалар пайда болған бойда «АЗТМ» АҚ ұжымы зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Зауыт басшылығы жұмысшылардың бастамасын толық қолдап, азық-түлік пен бірінші қажетті заттарды алуға қажетті қаражатты қосымша бөлді. 12 сәуірде Атырауда екі жүк көлігі зардап шеккендерге көмек жеткізді.