Біздің кәсіпорын  1941 жылы негізделген, 70 жылдан аса уақыт бойы машина жасау нарығында , зауыттың өнімдері ТМД елдерінде ғана емес, сонымен қатар әлемнің  32 елдерінде белгілі.
Бүгінде  -  «ААМЖЗ» АҚ  Қазақстандағы алдынғы қатардағы  машинажасау кәсіпорындарының бірі болып саналады. Заманауиға байланысты жоғары өнімді шығаратын құрылғылармен жабдықталып және ISO 9001:2008 талаптарына сәйкес сертификатталған.

«ААМЖЗ» АҚ-нда  өндірістегі барлық технологиялық процесстер жүзеге асырылады:

      • болат және шойын құю цехтары;
      • үлгілеу цехі;
      • ұсталық-термикалық цех;
      • механикалықөңдеу цехтарынының кешені;
      • жинақтау цехі сынақ жүргізетін стенді бар;
      • метрологиялық, сынау-өлшеу зеретханалары.

      Компания инжиниринг, өндіріспен, тасымалдау, жеткізу және жабдықтарға сервистік қызмет көрсетумен, сонымен қатар келесі машинажасу бағытымен шұғылданады:

          • металлургия өнеркәсібіне  арналған жабдықтар;
          • илеу және тегістеу жабдықтары;  
          • мұнай және газ өндіруге арналған жабдықтар;
          •  тау-кен өнеркәсібіне  арналған жабдықтар;  
          • жалпы өндірістік бағыттағы өнімдер.

          «ААМЖЗ» АҚ өзінің  белгі таңбасымен әлемнің көп елдерінде құрылғы-жабдықтар жетістіктермен танымал болып қолданылуда.
          «ААМЖЗ» АҚ  Қазақстан Республикасының  басқа машинажасау кәсіпорындарында кездесе қоймайтын  ерекше технологиялар мен жоғары деңгейлі мамандарға ие.
          Біз клиенттердің  нақты қажеттілігіне көңіл бөле отырып, тәжірибемиздің тереңдігіне және мамандарымыздың  «ноу-хау» әдістеріне байланысты, өнімдеріміздің жоғары техникалық сипаттамасына үйлесімді, тиімді және нақты шешімдер ұсынамыз.
          Өндіріс аймағындағы бірнеше онжылдық  жұмыстар, біздің  мамандарымыздың  біліктілігін  арттырып, әрбір тасырыс бойынша жаппай барлығын қамтитын  бағдарламалар  ұсынуға: жобалаудан бастап өндіруге дейін және шығарған өнімдердің сервистік қызмет көрсетуіне «ААМЖЗ» АҚ  мүмкіндік береді.

          Келесі жұмыс түрлерін таңдау арқылы ғана емес барлық кешен бойынша  инжинирингті қолдана отырып және басқа түрлі қызметтерге мүмкіндік беріп орындауға болады:

          1. жоба-құрылымдық құжаттамаларын дайындап жасау;
          2. ҚҚБЖ талабымен және Тапсырыс берушінің технология есебі жағдайына байланысты жоба-құрылымдық құжаттамаларды қайта өңдеп істеп шығару;
          3. техникалық тапсырмаларға негізделіп жобаларды дайындап жасау;
          4. инженерлік-кеңес қызметін көрсету;
          5. тапсырыс берушіге эксклюзивті шешім ұсыну;
          6. ыңғайлы шешімді таңдау;
          7. жабдықтарды, қосалқы бөлшектер және жинақтаушыларды дайындап, жеткізу;

          «ААМЖЗ» АҚ – ның бүгінгі жетістігі – бұл жаңа технологиялар мен  қазіргі заманға сай  заманауи  әдістерімен басқару және сапалық жағынан жоғары стандарттар талабына сәйкес болу.