Футбольная команда завода

2025 жылғы 15 қыркүйек күні «АЗТМ» АҚ аумағында кәсіпорынның футбол командасын марапаттау рәсімі өтті. Себеп – зауыт командасының Астана қаласында өткен салалық мини-футбол турнирінде сәтті өнер көрсетіп, құрметті үшінші орынды иеленуі болды.

Іс-шара барысында Машина жасаушылардың салалық кәсіподағы атынан ойыншыларға 100 мың теңге көлеміндегі сертификат пен естелік медальдар табыс етті. Сонымен қатар, «АЗТМ» АҚ мен зауыт кәсіподағы тарапынан командаға алғыс хат пен ақшалай сыйақы берілді. Бұл марапат ұжымдық спортты дамытуға және командалық рухты нығайтуға қосқан үлестері үшін табысталды.

«Әріптестеріміз зауыт жұмысшыларының тек өндірісте ғана емес, спорт алаңында да мықты екенін көрсетті. Біз олардың жетістіктерімен мақтанамыз және алдағы уақытта да ұжымның спорттық бастамаларын қолдайтын боламыз», — деді АЗТМ кәсіподақ комитетінің төрағасы.

«Салалық турнирдегі үшінші орын – ұйымшылдықтың, табандылықтың және жігердің белгісі. Біздің командамызды алда әлі де көптеген жеңістер күтіп тұрғанына сенімдіміз», — деп атап өтті «АЗТМ» АҚ басшылық өкілі.

Кәсіпорын басшылығы қызметкерлердің спортпен шұғылдануын және салауатты өмір салтын қолдау АЗТМ-ның корпоративтік мәдениетінің маңызды бөлігі екенін ерекше атап өтті. Мұндай жетістіктер тек денсаулықты нығайтып қана қоймай, ұжым ішіндегі бірлік пен өзара қолдауды арттыруға ықпал етеді.

Футбольная команда завода