«АЗТМ» кәсіпорнына танымдық экскурсия
24 қазан күні «Бағдарламалық қамтамасыз ету және мехатроника» бөлімі айлығы аясында өндірістік оқыту шеберлері Дүйсенбекова Ш. және Тортаева Н. жетекшілігімен ТМ-25-1 тобының студенттері «АЗТМ» акционерлік қоғамына танымдық экскурсияға барып қайтты. Экскурция барысында студенттер кәсіпорынның қалыптасу тарихымен, негізгі өндіріс бағыттарымен, сондай-ақ жұмыс үдерісімен танысты. Олар заманауи өндірістік жабдықтардың жұмыс принциптерін көріп, өз мамандықтарына байланысты тәжірибелік білімдерін толықтыруға мүмкіндік алды. Осындай танымдық шаралар студенттердің кәсіби дамуына және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына зор үлес қосады.