«Алматы ауыр машина жасау зауыты» акционерлік қоғамы

23 қыркүйекте "Ауыл" партиясының Алматы өңірлік филиалының өкілдері қаланың ірі өндірістерінің бірі болып табылатын біздің зауытқа келіп, "АЗТМ" АҚ еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Филиал төрағасы А. Б. Қоңырбаев пен аппарат басшысы Т. Қ. Керуенов қатысты. Олар "Ауыл" партиясының шешетін міндеттері туралы қысқаша айтып, қоғамның маңызды құндылықтарының бірі – еңбек адамы идеологиясына тоқталды. Бұл мемлекеттің экономикалық күші мен әлеуметтік тұрақтылығының кепілі болып табылатын қажырлы еңбек. Кездесуде білікті кадрлардың жетіспеушілігі, жастарды өндіріске тарту үшін қандай шаралар қолдануға болатындығы туралы мәселелер қозғалды. "АЗТМ" АҚ Бас директорының орынбасары А.С. Тілеубердиев А. Б. Қоңырбаевқа және Т. К. Керуеновке өткізілген кездесу үшін алғысын білдірді. "Ауыл" партиясының филиалы алдағы уақытта да осындай форматтағы кездесулерді жалғастырып, жұмысшы ұжыммен тікелей байланыста болуға ниетті.

Встреча с партией «Ауыл» Встреча с партией «Ауыл» Встреча с партией «Ауыл» Встреча с партией «Ауыл»