"ААМЖЗ" АҚ кәсіподақ комитетінің бастамасымен Машина жасаушы күнін мерекелеу құрметіне, жоғары кәсіби шеберлігі, көп жылдық адал еңбегі және зауыттың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін өндірістің озық мамандары құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Бас директордың орынбасары А. С. Тлеубердиев жас маман ұрпағына баға жетпес тәжірибесі мен өндірістік дәстүрлерін беріп келе жатқан кәсіпорын ардагерлеріне ерекше алғыс сөздерін білдірді.
«ААМЖЗ» АҚ «Қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы С.А. Ахметов барлық марапатталғандарды шын жүректен құттықтап, еңбек ұжымына жаңа өндірістік жетістіктер, мықты денсаулық, тұрақтылық және алға қарай сенімді қадам басуды тіледі.