1

KIOGE конференциясы Қазақстанның және бүкіл Каспий өңірінің мұнай-газ өнеркәсібіндегі ең ірі оқиғалардың бірі болып табылады. KIOGE 2026 мерейтойлық 30-шы халықаралық конференциясында жыл сайынғы "Мұнай-газ машина жасау" панельдік талқылауы Халықаралық Мұнай-газ машина жасауды дамыту орталығымен дәстүрлі серіктестікте ұйымдастырылды.

Конференцияда «ААМЖЗ» АҚ бас директоры Есет Назарбаевич Дуйсенов сөз сөйледі. Өз сөзінде ол мұндай конференцияға қатысу – Алматы ауыр машина жасау зауыты үшін өз өндірісін дамытуға, жаңа технологияларды игеруге мүмкіндік екенін атап өтті.

Бүгінде ААМЖЗ толық өндірістік циклді қамтамасыз ететін өндірістік базаға ие. Бұл – кәсіпорнымыздың негізгі артықшылықтарының бірі. Біз дайындамаларды өндіру және құю өндірісінен бастап, механикалық өңдеу, термиялық өңдеу, құрастыру және сынақтан өткізуге дейінгі негізгі өндірістік операциялардың толық кешенін орындаймыз. Біздің өндірістік мүмкіндіктеріміз металлургия, мұнай-газ секторы, энергетика және тау-кен өнеркәсібі сияқты түрлі салаларға арналған өнімдермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Біздің міндетіміз, Е. Н. Дуйсенов атап өткендей, ААМЖЗ базасында мұнай-газ саласындағы ірі компаниялардың талаптарына сәйкес келетін заманауи, технологиялық және бәсекеге қабілетті өндіріс құру.

«ААМЖЗ» АҚ үшін панельдік сессия іскерлік байланыстарды дамыту және халықаралық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын қалыптастыру алаңына айналды.

A123aa A123aa A123aa