Машина жасау – бұл елдің өнеркәсіптік және экономикалық әлеуетінің негізі, жетекші сала және бүкіл өнеркәсіптің технологиялық негізі. Ауыр машина жасау өнімдері мемлекеттің индустриялық қуатының негізін құрайды, бұл сала машиналар мен жабдықтар шығарады, содан кейін олар экономиканың барлық басқа салаларында қолданылады: ресурстарды өндіруден бастап энергетикаға дейін. Дәстүр бойынша, қыркүйектің соңғы жексенбісінде «ААМЖЗ» АҚ ұжымы, сондай-ақ машина жасаумен байланысты Қазақстан Республикасының барлық инженерлері мен жұмысшылары өздерінің кәсіби мерекесі – машина жасаушылар күнін атап өтеді. ААМЖЗ ұжымын кәсіби мерекемен құттықтаймыз! Зауытқа өркендеу, жаңа ірі тапсырыстар мен апатсыз жұмыс тілейміз!