Германия-Еуразиялық экономикалық одақ (Одақ) — орта және шағын компаниялардың, сондай-ақ Еуразия өңірі мемлекеттерімен сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға мүдделі сарапшылардың мүдделерін білдіретін Германияның тәуелсіз бизнес-қауымдастығы.
Алматы қаласына іскерлік сапар аясында Одақ өкілдері 17 қыркүйекте Алматы ауыр машина жасау зауытына келді. Делегациямен кездесуде "ААМЖЗ" АҚ қызметтерінің басшылары зауыттың қалыптасу тарихымен бөлісті, зауыттың алдында тұрған міндеттер мен мақсаттар және болашақтағы даму перспективалары туралы айтты. Содан кейін қонақтарға зауыт цехтары бойынша экскурсия ұйымдастырылды, онда олар "ААМЖЗ" АҚ өндіріс технологиясымен таныса алды. Қонақтарға Ресей мен Қазақстанның мұнай өндіру, металлургия және тау-кен кәсіпорындарына арналған зауыттың дайын өнімдерінің үлгілері көрсетілді.