1

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстанның жаңа бір палаталы Парламенті — Құрылтай сайлауы өтеді. Сайлауға Қазақстанның барлық жеті партиясы жіберілді. Ресми үгіт 23 шілдеде басталып, 22 тамызда түн ортасында аяқталады.

Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін Алматы ауыр машина жасау зауытына партия өкілдері келді. 31 шілдеде "ААМЖЗ" АҚ ұжымымен кездесу үшін "Әділет" партиясының өкілдері келіп, партияның алдына қойған міндеттері мен мақсаттары туралы айтып, зауыт қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.

3 тамызда зауыт жұмысшылары "Ауыл" партиясының өкілдерімен кездесті.

5 тамызда зауытқа "Байтақ" жасыл партиясының өкілдері келді. Партиялар алдына қойған проблемалар мен міндеттерді шешу зауыт ұжымына жақын – бұл тұрақты экономика, сапалы азық-түлік өнімдері, экология және басқа да маңызды мақсаттар.

Сайлау — бұл азаматтардың мемлекетті басқаруға тікелей қатысуы және оның болашақ бағытын анықтауы үшін Конституциямен бекітілген әдіс, сондықтан әркім 23 тамыздағы сайлауда кімге дауыс беру керектігін өзі шешуі керек.

A123aa A123aa A123aa A123aa A123aa A123aa