Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына орай, 2026 жылғы 6 мамырда Алматы ауыр машина жасау зауытында фашизмге қарсы күресте Отанын қорғағандар мен тылда жеңіске жеткендерді еске алуға арналған митинг өтті. Бұл күні тыл еңбеккерлеріне, зауыт ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Митингте соғыстан оралмаған ардагерлерді, қорғаушыларды, жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, зауыттың Жеңіс мемориалына гүл шоқтарын қойылды.
Қазақстан майданға азық-түлік, оқ-дәрілер мен ресурстарды жіберіп, сенімді тыл бола отырып, Жеңіске баға жетпес үлес қосты. Біздің зауыт майданға көмектесудің үлгісі болды! 1941 жылы Алматыда Луганск паровоз жасау зауытының үш цехы эвакуацияланды. 1942 жылдың ақпанында жабдық орнатылып, іске қосылды, ал 1942 жылдың наурызынан бастап зауыт әскери мақсаттағы өнімдерді: бомбалар, миналар мен снарядтарды шығара бастады.
Осы Ұлы Жеңіс күнін жақындатқандардың барлығына тағзым етеміз!
Ал біз, қазіргі ұрпақ, бізге берілген бейбітшілікті қорғауға міндеттіміз! Ұлы Жеңіс мерекесімен, Қазақстан!