2026 жылғы 6 мамырда Алматыдағы ауыр машина жасау зауытына жергілікті өндірушілер форумы аясында NCOC компаниясының өкілдері келді. Солтүстік Каспий жобасының операторы оларды сатып алуға барынша тарту үшін мұнай-газ саласында неғұрлым талап етілетін тауарларды шығару жөніндегі қазақстандық кәсіпорындарды анықтауға мүдделі. "ААМЖЗ" АҚ үшін бұл іс-шара ерекше маңызға ие, өйткені біздің зауытта мұнай саласы үшін тербелмелі станоктар шығару жолға қойылған. Жиында "ААМЖЗ" АҚ Бас директоры Есет Назарбаевич Дүйсенов делегацияға зауыттың алдында тұрған міндеттер және "ААМЖЗ" АҚ-ның даму перспективалары туралы айтып берді, содан кейін қонақтарға зауыт цехтары бойынша экскурсия ұйымдастырылды, онда олар "ААМЖЗ" АҚ-ның өндіріс процесімен және дайын өнімімен танысты.