Алматы ауыр машина жасау зауытының №4 ұсталық-пресс учаскесінде соғу дайындығы бойынша жұмыстар қайнап жатыр. Соғу процесі-соғу және басу арқылы металды пішіндеуді қамтитын маңызды өндіріс процесі. Манипуляторды қолдану темір ұсталары мен машинистердің балғалар мен престердегі ауыр физикалық еңбегін жеңілдетеді. Дайындама пластикалық күйге дейін қызғаннан кейін, көпір кранының көмегімен оны пресске ауыстырады, онда дайындама қажетті пішінге келтіріледі. Содан кейін дайындамалар зауыттың механикалық өңдеу учаскелерінде өңделеді де, енді бөлшектер мен қосалқы бөлшектер тұтынушыларға жібереуге дайын.